Атом энергетикасының тарихы жарты ғасырдан астам уақытты қамтиды және осы уақыт ішінде ол энергетиканың дәстүрлі саласына айналды. Қазіргі уақытта әлемде 31 ел атом электр станцияларын пайдалануда, жалпы қуаттылығы шамамен 391 кВт болатын 439 энергетикалық реактор бар, тағы 55 ГВт қуаты бар 52 реактор құрылыс сатысында. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ЭМ атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Жаслан Қасенов атом энергетикасының әлемдік тәжірибесі туралы айтып берді.