Елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Самұрық-Энерго «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен ресурстық және инфрақұрылымдық базаның болуын ескере отырып, электр қуаттарын ұлғайту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асырады. Бұл ретте Екібастұз алаңы, маневрлік қуаттар, жаңартылатын энергия көздері туралы айтылып отыр. Электр қуатының болжамды тапшылығын төмендету үшін Самұрық-Энерго 2023 жылы Номиналды қуаты 540 МВт Екібастұз ГРЭС-1 бірінші энергия блогын пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бұдан басқа, қуаты 636 МВт Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергия блогын іске қосу көзделген. Екібастұз ГРЭС-1-де 2028-2035 жылдар аралығында станцияның жиынтық қуатын 240 МВт ұлғайта отырып, 3-8 блоктарын кезекпен қайта жаңарту қарастырылған. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Самұрық-Энерго»АҚ өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік Төтебаев Мұндай мәліметтерді жария етті.