Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан сапынан 34 спортшы 87 жолдамамен сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан 30-шы орынға тұрақтады. Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметінде Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша өткен брифингте ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов мәлімдеді.