Жанбота Алдабергенова, Дмитрий Рейхерд, Юлия Галышева сынды спортшылардың жасы келіп қалды. Олардың ізбасарларының нәтижесі қандай? Жалпы кадр даярлау мәселесі қалай жүріп жатыр? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша өткен өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ қойды. ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатовтың айтуынша, құрама команда сапында ардагер спортшылардың бар екені рас.