Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағаларының мониторингі бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев хабарлады. Мониторингтің негізгі арналары – статистика мен фискалдық деректер операторларының деректері.