Алматы қаласы бойынша да атмосфералық ауаның ластануы жоғары. ЖЭО-ны 2026 жылдың басына дейін жаңғырту туралы шешім қабылданды. Бұл шығарындыларды 83% - ға төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов мәлімдеді.