Мемлекет басшысы өз Жолдауында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, оны халықтың көңілінен шығатын деңгейге жеткізу бағытында біраз тапсырмалар берді. Жаңашылдық әрқашан тәуекелдерге толы болады. Сондықтан жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру бағытында нақты механизмдерді қолға алу барысында осы уақытқа дейін жіберілген қателіктерді қайталамаудың алдын алу үшін өткен кезеңнен сабақ алу тәсілін меңгеруіміз қажет. Орталық коммуникациялар қызметінде «Саяси реформалар 5.0: сараптамалық көзқарас» дөңгелек үстелі барысында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды филиалының директоры Серікжан Байбосынов осындай пікірін жеткізді.