Жалпы, Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша елімізде 15 спорт түрі дамытылуда. Ұлттық құрамада 484 спортшы бар. Олармен 34 бас және аға жаттықтырушы жұмыс істейді. Штаттағы спортшылар саны – 112. Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев осындай мәліметтерді келтірді.