Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Наурыз мейрамын мерекелеудің негізгі мақсаты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, азаматтарды елдің жасампаз дамуының ортақ міндеті айналасына топтастыру, ортақ мәдени-рухани құндылықтар мен жалпыұлттық сананы қалыптастыру болуға тиіс. Осыған орай, Наурызды мерекелеудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдері әзірленді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді.