Халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі күні вакцинациялауға жататын ересек халықтың 83% немесе Қазақстан Республикасы халқының 54%, оның ішінде екінші компонентпен 52%  қамтылған. Орталық коммуникациялар қызметінде министр Ажар Ғиният осындай мәліметтерді келтірді.