ПТР тест нәтижесі оң науқастар өте аз. Мұндай статистика неге байланысты: қазақстандықтар ПТР тестті аз тапсыра бастады ма, әлде біз шынымен де алдыңғы қатарға шығып, коронавирустық инфекцияны жеңудеміз бе? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттан сұрады.