«31 арна» Наурыз мерекесіне орай еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдерінің арасында бильярдтан «Жаңа елдің көктемі» атты республикалық турнир өткізді. Жарысқа белгілі қаламгерлер Ұлықбек Есдәулет, Бақыт Беделхан, Бауыржан Жақып пен Әлібек Шегебай және қазақ журналистикасының ардагерлері Тілеуқабыл Мыңжасар; Қайнар Олжай, Арман Сқабылұлы, Серік Жанболат бастаған 50-ге жуық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.