Жалпы ел бойынша электр желілерінің жалпы ұзындығы 467 422 км құрайды, оның ішінде «KEGOC» акционерлік қоғамының басқаруындағы Ұлттық электр желілері – шамамен 27 мың км және өңірлік электр желілік компаниялардың желілері – шамамен 274 мың км. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы айтып берді.