Халық үшін «қадамдық» қолжетімділік қағидатын қамтамасыз ету үшін учаскелік полиция пункттерінің, әсіресе қалалық жерлерде орналасқан орнын дұрыс айқындау маңызды. Ең оңтайлы жолы 4 учаскелік полицеймен полиция пунктін және әкімшілік учаскелер шекараларының қиылысында орналастыру. Іс жүзінде 10 және одан артық учаскелік полиция қызметкерлері орналасқан пунктер көп. Тиісінше, халықпен қалыпты жұмыс істеу үшін жағдайлар жоқ, оларға жету қиын, әрдайым келушілер көп болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Алексей Милюк хабарлады.