Еңбек министрлігі халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Бағдарламаның 38 іс-шарасы ведомствоның қатысуымен іске асырылатын болады, оның 17-ін министрлік тікелей жүзеге асыратын болады.