Француз тілінде бүгінде 300 миллионнан астам адам сөйлейді, осы жағынан ол әлемде 5-ші орында. Сондай-ақ 29 елде және көптеген халықаралық ұйымдарда ресми тіл мәртебесіне ие: БҰҰ, Еуропалық комиссия, Халықаралық Олимпиада комитеті, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Интерпол, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және т.б… Француз тілі – ағылшын тілінен кейін әлемдегі ең көп оқытылатын екінші тіл. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс мәлімдеді.