Республикалық комиссия отырысында сөз сөйлеген ҚР Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен Эльвира Әзімова азаптау статистикасы «жақсы емес» деп айтты. Соңғы үш жылда адам құқықтарының бұзылуына қатысты шағымдардың жалпы санынан 5,6-12%, ал соңғы 2,5 айда 18,7% болды. Екінші мәселе – істерді сотқа жеткізу пайызының төмендігі – 697-нің 583-і тоқтатылды, 24 адам сотталды.