Өзіне-өзі қол жұмсау туралы ақпараттың БАҚ-та жауапты жариялануы өте маңызды. Бұл мәселеге өте тыңғылықты назар аударған жөн. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ-тың өзіне өзі қол жұмсау фактілерін жауапты жариялауына арналған панельдік пікірталас барысында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Мачей Адам Мадалинский осындай пікірін жеткізді.