Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы суицид мәселесіне, әсіресе, оны болдырмауға ерекше ден қоюда. Өйткені, бұл көптеген адамдардың денсаулығы, өмірі мәселелері. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ-тың өзіне өзі қол жұмсау фактілерін жауапты жариялауына арналған панельдік пікірталас барысында ДДСҰ ресми өкілі-Қазақстандағы ДДСҰ елдік басшысы, Доктор Кэролайн Кларинвал мәлімдеді.