Қазіргі уақытта суицид мәселесі туралы жаһандық және өңірлік деңгейде жүргізілген әртүрлі жарияланымдар, зерттеулер көп. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Суицидтің алдын алу – жаһандық императив» деп аталатын суицид туралы дүниежүзілік есебі қатысушы елдер үшін маңызды құрал болып табылады. Бұл өз-өзіне қол жұмсаудың маңыздылығы туралы хабардар болуды одан әрі арттыру әрекеті. Бұл үкімет үшін басымдыққа айналуға тиіс. Бұл туралы ДДСҰ ресми өкілі - ДДСҰ-ның Қазақстандағы елдік басшысы, доктор Каролин Кларинваль Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.