Қазақстандағы суицид тақырыбы бұрыннан талқыланып келе жатқан күрделі мәселе, біздің қоғам үшін күрделі сын-тегеурін болып табылады. Мемлекет үшін ғана емес, қоғамдағы стигматизацияға ұшыраған адамдар үшін де, жалпы бүкіл қоғам үшін. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов БАҚ-та суицидтерді жауапты жариялау бойынша панельдік талқылау барысында мәлімдеді.