Қазақстан алғашқы күннен бастап зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік қағидатын ұстанады, оның ішінде мұның арты суицидке әкеледі. Қоғам, бұл биліктің, үкіметтің ғана проблемасы емес, мұны өзінің проблемасы, азаматтық өсу проблемасы, өзінің даму проблемасы ретінде көреді, ең бастысы азаматтық қоғам алаңдатушылық тантуда. Біз азаматтық журналистика, азаматтық дипломатия дәуірінде өмір сүріп жатырмыз және бұл дұрыс, қажет деп саналатын барлық нәрсенің адамгершілік құндылықтарын іштей қайта қарастыруға итермелейтін ең негізгі сәт. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Рамазанова БАҚ-та суицидтерді жариялау мәселелеріне арналған панельдік сессия барысында мәлімдеді.