Ешқандай тапшылық жоқ, республикада астық жеткілікті мөлшерде бар. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі шикізат тапшылығына байланысты бірқатар ұн тарту кәсіпорындарының қызметін тоқтата тұру туралы БАҚ-тағы бірқатар жарияланымдарға қатысты пікірін жеткізді. Ол дүрлікпеуге шақырып, жеке мүддені халыққа деген қамқорлық деп көрсетудің қажеті жоқ деп мәлімдеді.