«Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар туралы» бағыт бойынша 5 іс-шара іске асырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров хабарлады. Әлеуметтік-экономикалық дамуға әсері бар тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2022 жылға арналған дағдарысқа қарсы шаралар жоспары әзірленді.