«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасының негізгі мақсаты – мемлекеттік іс-шараларды, мемлекеттік басқару жүйесін ҮЕҰ тарапынан жалпы, қоғамның белсенді азаматтары тарапынан мониторингтік бақылау жүргізу. Оның ішінде бұл тәжірибе қазіргі таңда болып жатқан жұмыстарға аса қажет болып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімдеді.