«Қоғамдық кеңестер туралы» заң 2016 жылы қабылданды, бірақ 2021 жылы осы заңға нақты өзгерістер енгізілді, қоғамдық институттың рөлі артып, нақты мемлекет тарапынан шешім қабылдау мәселесіне тікелей қатысатын арнайы кеңес ретінде өзін көрсете алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметов мәлімдеді.