Құжаттар, заңдар, бұйрықтар әзірлеудің әрбір кезеңінде азаматтық қоғамды тарту қажет. Түзетулермен арнайы нормативтік құжат енгізілді: заң жобасы тұжырымдамасының алдында болатын және Үкімет тарапынан заңнамалық түзетулер немесе жаңа заңнамалық бастамалар ретінде енгізу ұсынылатын проблемаларды пікірсайыс немесе жария талқылау форматында міндетті талқылауды көздейтін реттеушілік саясаттың консультациялық құжаты. Мұның нәтижесі жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АҚДМ комитетінің басшысы Мадияр Қожахмет баяндады.