2022 жылғы 18 сәуірде 70 мың үміткердің 17 мыңы «Отбасы банктен» жалға алуды субсидиялауға өтінім беруге шақырумен СМС алды. Екінші кезеңде – 2022 жылғы 26 сәуірде хабарламалар тағы 23 мың үміткерге жіберілетін болады. «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, жалдау шарттары бойынша төлемдерді маусым айынан бастап, республикалық және өңірлік бюджеттерден қаражат түскеннен кейін бастау жоспарланып отыр.