Чектерді беру функционалы – бақылау-касса машинасының баламасы. Оның кірістерді фискализациялауы бар жеңілдетілген нұсқасы. Әрине, бұл сервис тауарлардың көптеген атаулары бар сауда объектілері үшін бақылау-касса машиналарын толығымен алмастыра алмайды. Дегенмен, бірнеше түрі сатылатын шағын дүкендер үшін қолданылуы әбден мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев хабарлады.