«E-Salyq Business»-те кәсіпкердің өзі үшін де, оның қызметкерлері үшін де салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеу жүзеге асырылады. Бұл белгілі бір дағдылары мен бухгалтері жоқ кәсіпкер үшін салықтар мен төлемдерді есептеу кезінде қиындықтарды болдырмайтын негізгі функционал. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев хабарлады.