Этномәдени бірлестіктер және Ассамблеяның барлық құрылымдары – жаңа реформаларды құрудағы өте маңызды азаматтық ресурс. Ең алдымен, жаңа Қазақстанды құруды өзімізден бастауымыз керек деген нақты түсінік бар. Алда күрделі жұмыс күтіп тұр, және біз жаңартудың барлық үдерістеріне толық көлемде қатысуға дайынбыз. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясы барысында Қазақстан корейлері қауымдастығының басшысы Сергей Огай мәлімдеді. Кездесу елордада Президент, ҚХА Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтуде.