Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында мәлімдеді.