Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл қылмыстардың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына тоқталды Жалпы ел бойынша қаңтар оқиғасы кезеңінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу бойынша 721 адам күдікті деп танылды, оның ішінде 281 адам қамауда. Алматы қаласы – 82, Шығыс Қазақстан – 35, Жамбыл облысы – 44, Шымкент қаласы – 43, Қызылорда – 36, Атырау – 14, Алматы облысы – 5 және Ақтөбе облысында – 4.