Жыл басында Қазақстан халқына Жолдауында Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын ұсынды. Ол жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшуді көздейді. Барлық осы мәселелер Конституциялық мәселеге тікелей байланысты. Конституциялық Кеңестің мүшесі Рахмет Мұқашев ОКҚ алаңында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.