Түзетулердің бірінші блогы «суперпрезиденттік» басқару формасынан ықпалды Парламенті мен есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға түпкілікті көшуді бекітуге бағытталған. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы өзінің бірқатар өкілеттігін басқа мемлекеттік органдарға береді немесе олармен келісім бойынша жүзеге асыратын болады. Түзетулердің қыр-сырын Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Конституциялық кеңес мүшесі Рахмет Мұқашев түсіндірді.