Заң жобасымен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің конституциялық мәртебесі нығайтылады, Прокуратура туралы жеке Конституциялық заң қабылдау көзделген. Мемлекеттің Негізгі Заңының талаптарын іске асыруда конституциялық бақылау органдары маңызды рөл атқарады. Конституциялық Кеңестің мүшесі Рахмет Мұқашев өтініш субъектілерінің тізбесін кеңейте отырып, Конституциялық Кеңестің конституциялық сот болып қайта құрылуын ерекше атап өтті. Ол Орталық коммуникациялар қызметі жанындағы: «Конституциялық реформа – саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды қадам» сарапшылар клубына қатысты.