Қазір заңдар заң жобаларын алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта дәйекті қарау арқылы қабылданады. Енді заңдарды қабылдау Мәжіліске беру ұсынылады, ал Сенат қабылданған заңдарды мақұлдау немесе мақұлдамау құқығына ие болады. Мұндай модель заңдарды қабылдау тәртібін едәуір жеңілдетеді және депутаттарды сайлаудың жоғарыда аталған аралас моделін ескере отырып, заңдарды қабылдау кезінде көзқарастар бәсекелестігін арттырады. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.