Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында жемқорлыққа қарсы күрес табанды түрде жалғасатынын атап өтті. Бұл заңдылықты орнату, құқытық мемлекетті құру, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында өте маңызды. Бүгінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының негізгі бағыты жемқорлықтың деңгейін төмендетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуницациялар қызметінде өткен брифингте ведомство төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді.