Ел басшылығы сатып алу саласындағы жүйелі проблемалар туралы бірнеше рет айтты. Биыл 1 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы көп жылдар бойы сыбайлас жемқорлық пен ысырапшылдық бюджет процесінің барлық кезеңдерінде байқалып отырғанын атап өтті. Қабылданған шаралар жағдайды айтарлықтай өзгертпеді. Ресми ережелер негізінен бақыланады және сақталады, олардың ауқымдылығы адал жеткізушілерді қорқытады. Осыған байланысты Мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордағы сатып алулардың барлық жүйесін қайта қарауды тапсырдым. Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов баяндады.