Талдау Мемлекеттік сатып алу саласындағы қылмыстардың 80% жуығы орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою және сатып алу жеңімпазын анықтау кезінде бюджет қаражатын жымқырумен және парақорлықпен байланысты екенін көрсетті. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, мұндай фактілер негізінен құрылыс, денсаулық сақтау, білім және мәдениет салаларында жасалады.