ҚР Президенті 2022 жылды «Бала жылы» деп жариялады. Осы орайда денсаулық сақтау министрлігі балалардың денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға баса назар аударады. Ведомство басшысының айтуынша, балаларды профилактикалық қарап-тексеру пакеттері кеңейтілді, оның ішінде, жалпы қан талдауы, жалпы зәр талдауына аса көңіл бөлу, жай талдаулар арқылы көптеген аурулардың алдын алуға мониторинг жасап, қарау, балаларды туа біткен әртүрлі аурулардан отоакустикалық эмиссия, басқа да есту потенциалдарын тіркеу арқылы барлық медициналық ұйымдарға апараттарды жеткізу, аутизмге арналған түрлендірілген скринингтік тесттер емханаларда енгізіле басталды.