Конституцияға енгізілетін түзетулердің нәтижесінде заң шығару процесінде үлкен өзгерістер болады. Болашақта заң шығару процесі негізінен Мәжілісте өрбиді. Ал Сенат тек Мәжіліс қабылдаған заңдарды мақұлдау немесе мақұлдамау құқығына ие болады. Конституциялық кеңестің аппарат басшысы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов атап өткендей, бұл – халаықаралық тәжірибе, Палаталар арасындағы келіспеушіліктерді шешудің жаңа рәсімдері. Мәжіліс Сенат кері қайтарған заңмен оның бұрын қабылданған шешімін қайта қуаттап, Президентке заң ұсыну құқығын алады.