Денсаулық сақтау жүйесінде барлық ведомстволарды ескере отырып, медицина қызметкерлерінің саны шамамен 270 мыңды құрайды, оның 78 мыңнан астамы – дәрігер және 189 мыңға жуығы – орта медициналық персонал. Шын мәнінде, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлік персоналмен қамтамасыз етілу 40,9, ҚМЖ – 98,7 құрады, оны ЕО елдерінің көрсеткіштерімен салыстыруға болады. Сонымен қатар, еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде қаламен салыстырғанда ауылдық жерлерде кадрлық ресурстардың теңгерімсіздігі байқалады. Ауылдық жерлерді дәрігерлермен қамтамасыз ету 10 мың тұрғынға шаққанда 17-ні құрайды, ал 10 мың тұрғынға шаққанда қала дәрігерлермен қамтамасыз етілген – 57. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен медициналық көмектің сапасын арттыру шараларына арналған дөңгелек үстел барысында ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Гүлнафис Жүсіпалиева мәлім етті.