Темекіні тұтыну қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанда 2006 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының негіздемелік конвенциясын ратификациялу және темекіге қарсы іс-қимыл жөніндегі тиімді шаралардың арқасында темекі өнімдерінің дәстүрлі түрлерін тұтынуды азайтуға қол жеткізілді, қазақстандықтардың 70%-дан астамы темекі шегуге тыйым салуды және темекі түтінінен бос орта құру жөніндегі шараларды қолдайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.