Қыздырылатын темекісі бар өнімдерге ДДҰ-ға мүше 195 мемлекеттің 30-ында тыйым салынған, ал 65 мемлекет бүгінде қандай да бір реттеу шараларын енгізді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ДДҰ-ның ««Темекісіз» Темекіге тәуелділіктен босату бастамасы (TFI)» тобын басқаратын бөлім бастығы Винейак Мохан Прасад мәлімдеді. Жоғары миссия өкілдері Үкімет пен ҚР Парламенті Мәжілісі деңгейінде екіжақты кездесулер өткізді.