Қазақстандағы конституциялық өзгерістерді жаңғырту күн тәртібі контексінде қарау керек. Ғылым тұрғысынан алғанда, жаңғырту процесі үш маңызды элементтен тұрады: экономикалық өсу, әлеуметтік жұмылдыру және саяси даму. Жаңғырту теориясына сәйкес, халықтың әл-ауқатының өсуі азаматтардың саяси өзгерістерге деген сұраныстарының өсуіне ықпал етеді. Нәтижесінде демократиялық институттардың дамуы жүреді. Ғылыми еңбектер бұл гипотезаны растайды. Бір қарағанда, күрделі модельді Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері, әлеуметтік ғылымдар магистрі Слямжар Ахметжаров түсіндірді.