Референдум өткізу мәселесінде мемлекеттің референдум тетігін – халық билігін білдірудің жоғары нысанын қолдануға тұжырымдамалық әзірлігі де, біздің құқықтық жүйеміздің негізі – Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы сөз болып отырған фактісі де маңызды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық пікірталасқа Мәскеуден онлайн қосылған «Жоғары экономика мектебі» ҰЗУ кешенді еуропалық және халықаралық зерттеулер орталығының шақырылған зерттеушісі Мирас Жиенбаев мәлімдеді.