Референдумға қойылған және билікті орталықсыздандыруға бағытталған реформалар халықтың елді басқаруға көбірек қатысуы есебінен мемлекеттің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл кейбір жағдайларда атқарушы биліктің халықтың өзгеріп отырған сұраныстарына жедел, алдын ала ден қоюын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Еліміздің Ата Заңына енгізілетін түзетулер туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, з.ғ.д. Ермек Әбдірасұлов айтып берді.