Халықаралық Түрік академиясының бақылау миссиясының мүшелері бүгін сағат 11.00-ге дейін 9 сайлау учаскесін аралап көрді. Қазір жұмысын жалғастыруда. Халықтың референдумға қатысу белсенділігі, қызығушылығы айтарлықтай жоғары. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Халықаралық Түрік академиясының вице-президенті Физули Маджидли мәлім етті.