ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мүшелері 1994 жылдан бастап Қазақстандағы сайлауға үнемі мониторинг жүргізіп келеді. Ал референдумда – бірінші рет. ТМД ПАА өкілдері тобының үйлестірушісі, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің аграрлық саясат комитеті төрағасының орынбасары Сабир Гаджиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында әріптестерінің атқарған жұмыстары туралы айтып берді. Оң дерек – қазақстандықтардың белсенділігінің жоғары екендігін атап өтті.